Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және салу жұмыстары 124 вокзалда жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары Көкшетау, Бурабай курорты, Қонаев, Көктума, Ақши, Манкент және Балқаш-2 станцияларында аяқталады деп күтілуде.
Бұл ретте жолаушылар вагондарының паркі де жаңартылуда. 2025 жылы 175 жаңа вагон сатып алынды, ал ағымдағы жылы тағы 191 вагон сатып алу көзделіп отыр. 2030 жылға қарай қолданыстағы парктің 90%-ын ауыстыру жоспарлануда.
Жазғы сұранысты қанағаттандыру үшін танымал бағыттар бойынша 15 қосымша маршрут іске қосылды, оның 10-ы Алакөл көліне бағытталған. Пойыздар Астана — Достық, Алматы — Достық, Семей — Достық, Өскемен — Достық, Қарағанды — Балқаш, Алматы — Семей, Ақтөбе — Астана және Нұрлыжол — Шымкент бағыттары бойынша жүреді.
Сонымен қатар, құрамдардың ұзындығы орташа есеппен 13-тен 18 вагонға дейін ұлғайтылды.