13 және 15 маусымда Қостанай облысында қатты жаңбыр болжанады. 15 маусымда нөсер жаңбырлар Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарын да қамтиды.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында бүкіл кезең ішінде, ал 15 маусымда оңтүстік-батыста бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында бүкіл кезеңде, 14–15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, ал 15 маусымда Атырау облысында температура 35–38 градусқа дейін көтеріледі.