Негізгі өзгеріс бас тартуларға қатысты. Азаматтарға өтініштегі қателер немесе құжаттар топтамасының толық еместігі себепті қызмет көрсетуден бас тартуға болмайды. Оның орнына кемшіліктерді түзетуге және жетіспейтін құжаттарды тапсыруға уақыт беріледі.
Цифрлық кезек парағы пайда болады. Өтініш беру кезінде техникалық ақау туындаса, қайтадан кезекке тұрып, құжаттарды қайталап тапсырудың қажеті болмайды.
Бір мемлекеттік қызмет үшін жауапкершілік барлық қатысушы мемлекеттік органдар арасында бөлінеді. Бұл мерзімдер мен жұмыс сапасын жақсырақ бақылауға мүмкіндік береді.
Бас тарту кезінде мемлекеттік орган барлық себептерді бірден көрсетуге міндетті, оларды бір-бірлеп хабарламауы тиіс.