Ведомство қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз сақтаудың алдын алу, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс төгудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді.
Анықталған бұзушылықтардың қатарында — жалпыға ортақ орындарды ластау және абаттандыру ережелерін сақтамау. 58 іс бойынша материалдар экология департаменттеріне және жергілікті атқарушы органдарға шаралар қабылдау үшін жіберілді.
Жергілікті атқарушы органдардың мекенжайына бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыныс енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде 153 стихиялық қоқыс үйінділері жойылды.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнаманың талаптарын сақтауға, елді мекендердің тазалығын қолдауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.