ІІМ мал ұрлығына қарсы профилактикалық және жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Нәтижесінде мұндай қылмыстардың ашылуы жақсарды.
258 мал ұрлығына қатысы бар адам ұсталды. 58 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. 1730 ұрланған малдың ішінен 1007-і иелеріне қайтарылды.
Жамбыл облысында құны 15 млн теңгеден асатын 25 бас ірі қара малдың ұрлығы ашылды. Үш жергілікті тұрғын түнде жүк көлігімен малды жайылымнан алып шығып, бір бөлігін делдалдар арқылы сатқан. Ұрланған мал иесіне қайтарылды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ фермерлерге аулаларын нығайтуды, малды қараусыз қалдырмауды, асыл тұқымды малға GPS-трекер орнатуды, сондай-ақ чиптеу, биркалау және таңбалау арқылы мал басын есепке алуды ұсынады.