Жануарларды Қостанай облысының Амангелді ауданындағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына тасымалдайды.
Реинтродукция орталығында жылқылар мамандардың бақылауымен бейімделуден өтеді, содан кейін оларды жабайы табиғатқа шығаруға дайындайды.
Пржевальский жылқысы — әлемде сақталған жалғыз жабайы жылқы түрі. Бұрын бұл түр Қазақстан аумағында мекендеген, бірақ өткен ғасырдың ортасына қарай жабайы табиғаттан жойылған.
Жануарларды қайтару жобасын Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Прага зообағымен, «Тирпарк Берлин» зообағымен, Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен бірлесіп жүзеге асырады.
Қазақстан мен Прага зообағы арасындағы меморандум бойынша 2029 жылға дейін елге 40 Пржевальский жылқысын әкелу жоспарлануда. Алғашқы топтар «Алтын Дала» резерватына 2024 және 2025 жылдары келген.
Биылғы мамырда бұрын әкелінген даралардың бір бөлігі алғаш рет табиғи ортаға шығарылды.