Учаскелер халықтың қажеттіліктеріне, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайуға арналған жер санатына жататын. Олар Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағын бұза отырып, ұзақ мерзімді жалға берілген.
Осының салдарынан Бурли ауылының тұрғындарында жайылым тапшылығы туындады. Тексеру нәтижесі бойынша сот жалдау шарттарын жарамсыз деп таныды.
Кадастрлық құны 1,9 млрд теңгеден асатын жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Прокуратура жер қатынастары саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жалғасатынын хабарлады.