Жер заңнамасының сақталуын тексеру барысында Қазалы ауданының прокуратурасы учаскелерді мақсатсыз пайдалану және оларды өз бетінше басып алу жағдайларын анықтады.
Қадағалау актілерінің нәтижесінде учаскелер мемлекетке қайтарылды. Олардың кадастрлық құны 86 млн теңгені құрады.
Жерді заңсыз басып алған адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.