Учаскені қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ретінде пайдалану жоспарланған, алайда ол тасталған күйде қалып, жер заңнамасын бұзған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңге болатын жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақ маңындағы аумақтарды тексеруді жалғастыруда.