Бұзушылықтар жылжымалы бекеттерде және автоматты станциялар арқылы анықталды. Шамадан тыс жүктелген фуралар мен ірі жүк көліктері жол жабынының тозуын тездетеді, бұл жолдағы шұңқырларға, жарықтарға және шөгулерге әкеледі.
Қаңтар–мамыр аралығында көлік бақылауының мобильді бекеттерінде 71 әкімшілік хаттама жасалды. Айыппұлдардың сомасы 34,5 млн теңгені құрады, оның ішінде 30,9 млн теңге бюджетке түсті.
Автоматтандырылған өлшеу станциялары 700 бұзушылықты тіркеді. Айыппұлдардың жалпы сомасы 113,8 млн теңгеге жетті, оның ішінде 89,8 млн теңге 605 қаулы бойынша өндірілді.
Өңірде жергілікті маңызы бар жолдардың тағы тоғыз учаскесінде автоматты кешендер орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, Таразға кіреберістерде 11 кешен орналастырылады.