Сарапшылар құрылыс материалдары мен асфальтобетон жабынынан 287 сынама алды. Зертханалық зерттеулер 103 сынама нормативтерге сәйкес келмейтінін көрсетті.
Көбінесе асфальтобетон жабынының қалыңдығы жеткіліксіз, тегістігі бұзылған, битум эмульсиясының әлсіз жағылуы және асфальттың шөгуі тіркелді. Мұндай ақаулар жолдың қызмет ету мерзімін қысқартады.
Мердігерлер ескертулерді түзеуге кірісті. Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектілер қайта тексеріледі.