Халықаралық ұйым Қазақстанға және басқа да бірқатар елдерге харассмент бойынша заңнамалық нормалар енгізуді ұсынды. Министрлік дайындаған жобада ұғымдық аппарат және жұмыс берушінің мұндай жағдайлар үшін жауапкершілігі қарастырылған.
Қазір түзетулер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында және Paryz ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясында талқылануда. Министрдің сөзінше, құжат биылғы жылдың күзінде парламентте күтілуде.
Харассмент үшін жаза енгізу мүмкіндігі туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың маусымында хабарлаған болатын.