Әділет департаментінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта өңірде алимент үш айдан астам уақыт бойы түспейтін 232 атқару өндірісі бар.
Жылдың алғашқы алты айында мамандар борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 192 ұсыныс жіберді. 172 адам жаза алды.
Тағы 67 материал құқық қорғау органдарына қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарау үшін берілді. Нәтижесінде Сотқа дейінгі тергеп-тексеру істерінің бірыңғай тізіліміне 13 іс енгізілді, ал екі қылмыстық іс сотқа жіберілді.
182 борышкерге елден шығуға тыйым салынды. Сонымен қатар, соттарға көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұру туралы 33 ұсыныс түсті.
Қарыздарды өтеу үшін мүліктік шаралар да қолданылады. Бір жағдайда қарыз 8,6 млн теңгеден астам құны бар жылжымайтын мүлікті өндіріп алушыға беру арқылы жабылды.