Шарын шатқалы Шарын өзенінің бойымен 154 км-ге созылып жатыр. Шарын шатқалы Алматыдан 195 км шығысқа қарай, Қытаймен шекараға жақын жерде орналасқан. Шатқал Шарын ұлттық паркінің аумағына кіреді. Тік жартастардың биіктігі
үш жүз метрге жетеді. Шарын шатқалы — табиғаттың бірегей ескерткіштерінің бірі, ол шөгінді тау жыныстарының мың жылдық үгілу үдерістерінің әсерінен пайда болған. Туристер үшін ең қызықты орын — ұзындығы 2 км, ені 20-дан 80 м-ге дейінгі Сарайлар аңғары. Шатқалда сіз реликтілі түрдегі шағанның тоғайын көре аласыз, мұндай тоғай тек Солтүстік Америкада ғана бар. Сондай-ақ үлкен қызығушылықты тұраңғы тоғайы — азиялық терек тоғайы тудырады.
Шатқалдың ландшафттық алуандығы флора мен фаунаның сан түрлілігін көрсетеді. Шарын шатқалын
сұлулығы жағынан Солтүстік Америкадағы Колорадоның Үлкен шатқалымен салыстыруға болады, сондықтан шатқалдың сұлулығын көру үшін Америкаға бару міндетті емес.
Қоғам
Қазақстан. Алматы. «Шарын» — Америкадағыдай каньон?
Шарын каньоны Шарын өзенінің бойымен 154 шақырымға созылып жатыр. Шарын каньоны Алматыдан 195 шақырым шығысқа қарай, Қытай шекарасына жақын орналасқан. Каньон…
7 қыркүйек 2014 · 15:04·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·7 қыркүйек 2014