Батыс Қазақстанның демалыс базалары.
Батыс Қазақстанға Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді және ол республиканың ең батысы мен оңтүстік-батысында орналасқан. Басты өзендер – Жайық, Ембі. Ең үлкен көлдер – Индер,
Аралсор, Қамыс-Самар көлдері. Батыс Қазақстанда Каспий теңізі орналасқан, Ақтау қаласы — Қазақстандағы теңіз жағасында орналасқан жалғыз қала. Батыс Қазақстанда көптеген бірегей тарихи және мәдени ескерткіштер бар, Каспий жағалауының ең көркем жерлері туристер үшін қызығушылық тудырады. Батыс Қазақстанның демалыс базалары — олардың кейбірінің ұсынылатын қызметтерінің сипаттамасымен берілген тізбесі:
«Мечта» кемпингі - Жайық өңірінің қорық аймағының көркем, экологиялық таза жерлерінің бірінде, Жылы көл мен Жайық өзенінің жағасында орналасқан қала сыртындағы демалыс базасы. «Мечта» кемпингіне кіру - 1 адамға 500 теңге, 5 жасқа дейінгі балалар - тегін. Автокөлік тұрағы - 100 теңге. Аумағында қонақ үй, дәмхана, спорт алаңдары бар. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Орал - Дариинск кентіне дейінгі тас жолдың 18-ші км e-mail: [email protected] [email protected]
- Ақтөбе облысында мынадай демалыс базалары бар:
- «Тау» демалыс базасы Қарғалы ауылдық округі тел.:+7 (7132)24 17 85 8 нөмір 15000-30000 тг. жыл бойы «Солнечный» демалыс базасы Қарғалы ауылдық округі тел.:+7 (7132)24 28 27 4 нөмір 10000-нан 15000 тг-ге дейін. Жазғы кезең «Нефтяник» демалыс базасы Благодарный ауылдық округі, Украинка ауылы тел.:+7 (7132)76 88 56, 80 нөмір.
- "Алтын сазан" демалыс базасы
- "Алтын сазан" — күзгі орманда демалуға арналған Жайық өзенінің жағасында орналасқан демалыс базасы. Демалыс базасы отбасылық демалысқа да, жастардың табиғаттағы демалысына да жақсы лайық. Сондай-ақ балық аулауды сүйетіндер үшін де. Орналасқан жері: Атырау қ., Ақжар ауылы (бұрынғы Буровиктер кенті, әскери бөлімнің жанында) Эл. пошта [email protected]
Маңғыстау облысы.
«Стигл» демалыс аймағы. «Стигл» демалыс аймағы – Ақтаудан алыс емес жерде орналасқан. Демалыс аймағы үш мейрамхана, 6 кәсіби үстелі бар бильярд залы, 4 жолды боулинг, үлкен жүзу бассейні және жылытылатын кіші балаларға арналған бассейні бар SPA орталығы, екі сауна, фито монша, фито бар, жаттығу залы, массаж және косметология кабинеттері, фин, түрік, орыс моншалары, сондай-ақ шағын футбол, үлкен теннис, волейбол және баскетболға арналған спорт орталығы ұсынады. Демалыс аймағында орналастыру 3 жайлы қонақ үй кешенінде жүргізіледі: эконом класты «Теремки» қонақ үйі, жартылай люкс класты қонақ үй корпусы және люкс пен жартылай люкс нөмірлері бар теңізге қарайтын екі қабатты бунгало. E-mail: [email protected]
Ақтау қаласының шегінде «Сказка» демалыс базасы (5-ші шағынаудан, жағалау аймағы) және «Шағала» демалыс базасы (1-ші шағынаудан, жағалау аймағы) орналасқан. «Кендірлі» демалыс базасы«Кендірлі» демалыс аймағы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан 70 км оңтүстікте орналасқан Каспий теңізінің Қазақ шығанағында орналасқан. Демалыс базасының негізгі міндеті — демалушылардың толыққанды демалуын және тамақтану мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Демалыс базасы алып жатқан аумақ 7,5 га. Демалыс базасының аумағында мынадай нысандар орналасқан: «VIP» резиденциясы – құрылыс ауданы 652 м2. Ада қолтығы – аралда екі ағаш коттедж бар. Отбасылық демалыс коттедждері – 4 дана, біреуінің құрылыс ауданы 185 м2. Жастар демалысының коттедждері – 13 дана, екі қабатты төрт бөлмелі, коттедждің құрылыс ауданы 122 м2. 20 орындық қонақ үй. Демалушылардың қызметінде: жазғы дәмхана – сыйымдылығы 100 адам, мейрамхана сыйымдылығы 90 адам, саунлар, жүзу бассейндері, массаждың әртүрлі түрлері, солярий, заманауи жабдықталған сауықтыру кешені, теннис корттары, жаттығу залдары, бейне зал, би алаңдары, жағажай футболы мен жағажай волейболы алаңдары, бильярд, яхтамен серуендеу, гидроциклмен сырғанау және т.б.