Қоғам

Бұқтырма су қоймасы!

Бұқтырма немесе Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстандағы Өскеменнен алыс емес жерде орналасқан. Бұқтырма — орасан зор су айдыны,…

2 қыркүйек 2014 · 15:15·Оқу: 3 мин

Бұқтырма су қоймасы!
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 қыркүйек 2014

Бұқтырма немесе Бұқтырма су қоймасы Шығыс Қазақстандағы Өскеменнен алыс емес жерде орналасқан. Бұқтырма — Алтай тауларымен қоршалған орасан зор су айдыны. Өлшемі жағынан 1278052979_100_0027бұл су қоймасы әлемдегі ең ірі жасанды су айдындарының бірі болып табылады, оның ауданы 5500 шаршы км, көлемі 53 текше км, ұзындығы 500 км-ден астам, ең үлкен ені 35 км, орташа тереңдігі 9 метр. Бұқтырмада көгілдір шығанаққа жақын, солтүстік және оңтүстік жағалауға созылып жатқан демалыс базаларында демалуға болады. Мұнда кез келген талғамға сай демалуға болады. Ең жақсысы — су +21 градусқа дейін жылитын жазда демалған жөн. Бұқтырмаға Өскеменнен автобуспен жету ыңғайлы.

  Buhtarminskoe-vodohranilishhe

Пікірлер