Қоғам

Қазақстандағы Киінкеріш аңғары

Қазақстандағы Киінкеріш аңғары. Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім қаласынан 120 шақырым жерде бірегей орын — Киінкеріш аңғары орналасқан, ол…

5 қараша 2014 · 19:30·Оқу: 3 мин

Қазақстандағы Киінкеріш аңғары
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 қараша 2014

Қазақстандағы Киін-Керіш аңғары. Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім қаласынан 120 шақырым жерде бірегей орын — өзінің сыртқы келбетімен Марстан алынған суретті еске түсіретін Киін-Керіш аңғары орналасқан, аңғар алып жатқан аумақ шамамен 300 гектарды құрайды. Су, жел және уақыт 0wXImcSugxUосы сұлулығымен ерекше орынның сәулетшілері болды. Мұнда қайталанбас жарқын бояуларымен ерекшеленетін сазбалшықтар таңғажайып ландшафт түзеді, алыстан қызыл сазды жартастар жалынға ұқсайды, сол үшін оларды «Жанып тұрған жартастар» деп атайды. Ыстық климат пен судың мүлдем болмауы керемет көрікті көрініс жасайды. Аңғардың өзін табу оңай емес, өйткені ол кратер тәрізді жерде орналасқан, тәжірибелі жетекшінің қызметін пайдаланған жөн. Бірақ табиғаттың осы таңғажайып көрінісін көруге тұрарлық. Киін-Керіш — бірегей палеонтологиялық ескерткіш, аңғар динозаврлар үстемдік еткен мезозой кезеңінде түзілген, ғалымдар айтқандай, Киін-Керішке Азия мен Еуропадағы осындай ескерткіштердің арасында тең келері жоқ. Бұл — Зайсан ойпатындағы жануарлар мен құстардың сирек түрлері мекендейтін жалғыз орын, жануарлардан мұнда сары лемминг, ал құстардан үкі, балобан сұңқары, дала қыранын көруге болады. Киін-Керіш аңғарында болсаңыз, көргеніңізден ұмытылмас әсер аларыңыз сөзсіз…https://tr-kazakhstan.kz/

Пікірлер