О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжі «Техник-гидролог» және «Гидрогеология және инженерлік геология» бағыттары бойынша дайындық ашады. Қарағанды облысындағы Теміртау жоғары политехникалық колледжі «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша оқытуды бастайды.
Қазір су шаруашылығы үшін кадрларды сегіз орта арнаулы оқу орны дайындайды. Онда 757 студент оқиды. 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша колледждер 208 маман шығарады.
Студенттер «Қазсушар» РМК филиалдарында өндірістік тәжірибеден өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласының мамандарын оқытатын барлық оқу орындарымен меморандумдар жасады. Биыл мұндай тәжірибедегі студенттер саны екі есеге жуық өсті.
Оқу «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология» мамандықтары бойынша жүргізіледі, — деп атап өтті министрліктің ғылым және инновациялар департаментінің директоры Марат Иманалиев.