Қоғам

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қалай демалады

Елорда күні 2026 жылдың 6 шілдесі дүйсенбіге түседі, сондықтан бескүндік жұмыс аптасында ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады.

10 маусым 2026 · 17:06·Оқу: 1 мин

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қалай демалады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 маусым 2026

Мереке дүйсенбіге түседі. Бескүндік жұмыс аптасында 4, 5 және 6 шілде — сенбі, жексенбі және дүйсенбі демалыс күндері болады. Жұмыс аптасы 7 шілдеде басталады.

Алтыкүндік жұмыс аптасында 4 шілде жұмыс күні болып қалады. Тек 5 және 6 шілде демалыс болады.

Жалпы 2026 жылдың шілдесінде бескүндік аптада 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады. Алтыкүндік аптада — 5 демалыс және 26 жұмыс күні.

Пікірлер