Қоғам

Қапшағай су қоймасы

Қапшағай су қоймасы. Қапшағай — Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан қала, Талдықорған тас жолымен тағы 30 шақырым жүріп, көпірден кейін бұрылу керек…

25 тамыз 2014 · 12:03·Оқу: 3 мин

Қапшағай су қоймасы
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·25 тамыз 2014
2e68c0973bcec1d8ca085dab79244a4a  

Қапшағай су қоймасы.Қапшағай — Алматыдан 70 км жерде орналасқан қала, Талдықорған тас жолымен тағы 30 км жүріп, көпірден кейін оңға бұрылу керек. Қапшағай су қоймасы 1970 жылы пайда болды. Ұзындығы 110 км. ең үлкен ені 25 км, ал тереңдігі 42 метр.Жазда өте ыстық, температура кейде 40 градусқа жетеді, ал судың температурасы шамамен 26 градус. Оң жағалауда жергілікті және Алматылық демалыс аймақтары орналасқан. Барлығы жүз елуге жуық пансионат пен демалыс аймағы. Сізге су ойын-сауығы үшін мотор қайығын, катер немесе яхта алуға, сондай-ақ су шаңғысында сырғанауға мүмкіндік беріледі. Аумақта көптеген ойын-сауық кешендері бар:10 метрлік трамплині бар Лагуна, биіктігі 20 метр болатын, жылдамдығы 87 км/сағ-қа дейін жететін сырғанақ. Құмды жағажайдың жанында таулар мен аңғарлар орналасқан, бұл Қапшағай демалыс аймағын одан да тартымды етеді. Оған барсаңыз, ұмытылмас әсер аласыз.

     

Пікірлер