Қоғам

Қазақстандық мектеп оқушыларының командасы су астындағы робототехника бойынша әлем чемпионатында топ-15-ке енді

Қазақстандық «Nomadic Guardians» командасы АҚШ-та өткен су астындағы робототехника бойынша әлем біріншілігінде техникалық аудит номинациясында 15-орынды иеленді.

1 маусым 2026 · 07:32·Оқу: 1 мин

Қазақстандық мектеп оқушыларының командасы су астындағы робототехника бойынша әлем чемпионатында топ-15-ке енді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 маусым 2026

Бибигүл Төлегенова атындағы Креативті мектеп жанындағы Nomadic Guardians командасының оқушылары инженерлік есеп үшін жоғары баға алды. Қазылар алқасы олардың Technical Design Report-ын 94-тен 88 балл қойды.

Бұл номинацияда әлемнің түкпір-түкпірінен 210-нан астам команда бақ сынасты. Қазақстандықтар ондаған мықты бәсекелестерді артта қалдырып, 15-орынмен мәреге жетті.

Команда құрамына Ерсултан Мұқатай, Даяна Жұмахан, Амина Ұмұрзақова, Әдел Бауыржанова, Әмірхан Елубай, Ярослав Врублевский, Азат Орал, Малика Нұғиева және Алихан Мұхтарұлы кірді. Дайындықты Шыңғыс Ахметұлаев, Анель Сауданбекова және Дарын Ибраев жаттықтырушылар басқарды.

Команда АҚШ-тағы финалға қатысу құқығын ОАЭ-де өткен SeaPerch West Asia аймақтық кубогын жеңіп алғанда алды. Қазақстандықтар жоғары санатта бірінші орынды иеленді.

Пікірлер