Жарысқа он елден дарынды оқушылар қатысты. Олар математика және информатика бойынша теориялық және практикалық есептер шығарды.
Қазақстан командасы жүз пайыздық нәтиже көрсетті. Алтын медальдерді Ақтөбе «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Бердимурат Ахмет, Павлодар «Жас Дарын» мектебінің оқушысы Бексултан Жанделдинов, Алматы NIS оқушысы Алдияр Мухитулы және Алматы РФМШ оқушысы Алишер Еламан жеңіп алды.
Күміс медальдер Амир Белгимбаевке (Алматы РФМШ), Ислам Ермухановқа (Ақтөбе «Білім-Инновация») және Санжар Жангелдиге (Қарағанды Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернат) бұйырды. Қола медальді Павлодар «Жас Дарын» мектебінің оқушысы Алишер Галлам жеңіп алды.
Команданы Алматы №165 лицейінің математика пәнінің мұғалімі Асхат Абдикулов және IITU сеньор-лекторы Айбар Қуанышбай дайындады.