Көлсай көлдері Алматыдан 300 км жерде орналасқан, оларды Солтүстік Тянь-Шаньның меруерті деп атайды. Олар теңіз деңгейінен 1800-2700 метр биіктікте жатыр. Көлдердегі су
кермек әрі тұщы, құрамында натрий сульфаты бар. Жазда судың температурасы +10 градусқа жетеді. Көлсай көлдері өте терең — 50-ден 80 метрге дейін. Көлдердің солтүстік беткейлерімен шыршалы ормандар созылып жатыр, оларда аюлар, қасқырлар, қабандар, борсықтар мекендейді, тіпті қар барысын да кездестіруге болады. Ортаңғы көл 2552 м биіктікте, біріншіден 5 км жоғары орналасқан. Бұл көлдерде бахтах көп, әрі күн батқанда ойнаған бахтахтардан көлдер «қайнап жатқандай» көрінеді. Көлсай көлдеріне жасалатын трек ең жеңілі. Сондықтан көптеген туристер дәл соны таңдайды. Қазақстаннан Қырғызстанға Көлсай көлдері арқылы Ыстықкөл көліне қарай саяхаттай отырып, осы елдердің табиғат сұлулығынан ләззат алуға болады. Көлсай-1 жағалауында демалғысы келгендерді әрдайым қарсы алуға дайын қонақ үйшіктері орналасқан, сондай-ақ көлдерде туристік маршруттар әзірленген. Көлсай 2 және 3 көлдерінде сізге
шатырларда тұруға тура келеді. Көлдер бір-бірінен 4 сағаттық жаяу жүру қашықтығында. Жартастармен, ормандармен, альпі шалғындарымен қоршалған көлдерден ұмытылмас әсер аласыз. Дәл осы жерде эдельвейс — тау гүлдерін кездестіре аласыз.
Қоғам
Көлсай көлдері
Көлсай көлдері Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан, оларды Солтүстік Тянь-Шаньның меруерті деп атайды. Олар теңіз деңгейінен 1800–2700 метр биіктікте орналасқан. Судың…
6 қыркүйек 2014 · 15:28·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·6 қыркүйек 2014