Жаңа нормалар әйелдердің азық-түлік өнімдерін сатып алу құқығына, сәлемдемелер мен берілімдер санына, сондай-ақ кездесулер саны мен жиілігіне қатысты болады. Сенатордың айтуынша, бұл өзгерістер сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартады.
Заң қабылданғаннан кейін телефон арқылы сөйлесуге қойылған шектеулер кәмелетке толмаған баласы бар немесе тәрбиелеп отырған әйелдерге және кәмелетке толмаған баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге қолданылмайды. Олар балаға белгіленген тәртіппен байланыс ұстай алады.
Қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабына түзету енгізіледі, ол мекеме орналасқан жердегі медициналық ұйымның босану бөлімінде босануға мүмкіндік береді, түзеу мекемесінің өзінде емес. Егер бала колонияда дүниеге келсе, бұл факт туу туралы куәлікте көрсетілмейді.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар денсаулыққа қажет болса, өздерінің қаражаты есебінен өнімдерді мөлшер мен ассортимент бойынша шектеусіз сатып ала алады.
Әйелдер колонияларындағы ұстау жағдайларын қайта қарауды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы тапсырған.