Алакөл — Қазақстанның Балқаш-Алакөл ойпатында орналасқан ащы-тұзды, ағынсыз көлі. Көлдің батыс жағалауында Қоктұма курорттық кенті, шығыс жағалауында Қабанбай кенті орналасқан. Көлдің ауданы шамамен
2200 шаршы км, тереңдігі 45 м. Көлге 15-тен астам саға құяды, жағалаулары көптеген түбектермен, мүйістермен, шығанақтармен қатты тілімделген. Көлдің ортасында аралдар бар. Көптеген пансионаттар мен демалыс базалары сізді қарсы алуға дайын. Көлде жақсы демалып қана қоймай, емделуге де болады. Себебі бұл көлдің емдік қасиеттері әлдеқашан белгілі.
Қоғам
«Алакөл» көлі
Алакөл — Балқаш-Алакөл ойпатында орналасқан, Қазақстанның ащы-тұзды тұйық көлі. Көлдің батыс жағалауында курорттық кент орналасқан…
1 қыркүйек 2014 · 14:00·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 қыркүйек 2014