Қоғам

Аққергешін жазығы

Бор шөгінділері жабайы табиғаттың ортасында орналасқан, онда үңгірлер, Аққергешін мен Ақтолағай атты ескерткіштер, Иманқара тауы көп. Жазық…

5 қаңтар 2015 · 09:46·Оқу: 3 мин

Аққергешін жазығы
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 қаңтар 2015

Бор қабаттарының жалаңаштанған жерлері жабайы табиғаттың ортасында орналасқан, мұнда көптеген 0_5_daiүңгір, Аққерегешін және Ақтолағай атты ескерткіштер, Иманқара тауы бар.

Аққергешін үстірті Атырау облысындағы Құлсары кентінен солтүстік-шығысқа қарай 56 шақырым жерде орналасқан. Аққергешін үстіртін аралағанда жойылып кеткен жануарларды, теңіз кірпісін, теңіз жануарларының түрлі қалдықтарын табуға болады. Аққергешін үстірті бор шөгінділерінің көптігімен және үстірт аумағында теңіз жануарларының түрлі қалдықтарының табылуымен танымал. 3 батыр жартастарының қарсысында бор қабаттарының жалаңаштанған панорамасы көрінеді. Бұл экскурсия экзотиканы, әдеттен тыс бірдеңені ұнататындарға немесе геология, палеонтологиямен айналысатындарға арналған. Аққерегешіннің бор қабаттарына алғаш келгенде, ғажайып мүжілген аппақ жартастардан көз алмай ұзақ тұрып қаласың. Мұнда ерекше тыныштық пен аппақтық бар.

Пікірлер