Тексерулер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе жиі өткізілді. Инспекторлар 10 мыңнан астам бұзушылықты анықтады.
Әкімшілік жауапкершілікке 523 қызметкер тартылды. Айыппұлдар сомасы 6 млн-нан 62 млн теңгеге дейін өсті.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар үшін 600-ден астам объектілер мен техникалық құрылғылардың жұмысы тоқтатылды.
Жекелеген кәсіпорындар шектеулерді елемей, жұмысын жалғастыруда. Оларға қатысты қосымша шаралар қабылдау жоспарлануда.