Жеті студент жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан, сондай-ақ бір мүгедектігі бар студент заң бойынша тиесілі қолдау шараларын алмаған.
Оларға демалыс кезіндегі жолдамалар бөлінбеген, жол жүру шығындары мен тәуліктік шығындар өтелмеген, киім-кешек берілмеген және екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көмек төленбеген.
Колледж басшылығына прокуратуралық қадағалау актісі енгізілді. Оны қарағаннан кейін бұзушылықтар жойылды, ал студенттердің құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.