Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апаттың салдарынан бір ұшқыш қаза тапты, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Оқиға мән-жайы анықталуда.
Көлік министрлігінің ақпаратына сәйкес, апат 27 мамырда Железинка ауылы ауданында болды. Ұшақты «Жеңіл және аса жеңіл авиация пайдаланушылары» бірлестігі пайдаланған.
«Әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыс атқарған. Алдын ала деректер бойынша, ұшақ электр беру желілеріне тиіп кеткен. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Ұшқыштардың бірі қаза тапты, екіншісін ТЖД қызметкерлері шығарып алды — ол есінде», — делінген ведомство хабарламасында.