ірі шатқалдан тұрады: Оң, Орта және Сол Талғар, Солдат, Тасты және Көктерек шатқалы, Маралсай, әрі ол тауларда Талғар қаласының қарсысында орналасқан. Сондықтан Талғар шатқалы туралы емес, бүкіл Талғар шатқалдары жүйесі туралы, Талғар алабы туралы айту керек. Алаптың көп бөлігін Алматы қорығы, қалғанын — Іле-Алатау ұлттық паркі алып жатыр. Талғар қаласынан қорық бағытында бұрынғы «Спутник» пионерлагеріне дейін тамаша асфальтталған жол салынған. Бұл — арзан әрі алыс емес жерде демалғысы келетіндер үшін тура сол жер, жағдайы өте қарапайым, қызметкерлері жағымды, монша бар. Сарқырамаға баратын жол қиын емес, қызықты, айналасында тыныштық пен тыным. Сарқыраманың өзі және оның астында шомылу — керемет! Жоғары қарай асфальт 12 км өткен соң бітеді. Шатқалда теңіз деңгейінен 2650 метр биіктікте, аралық базадан 9,5 километр және Алматы — Талғар — Түрген жолынан 22 километр жерде орналасқан альпинистер лагері бар. Айта кету керек, альпинистерді оқытуға арналған жер өте сәтті таңдалған. Ең биік нүктесі — Талғар шыңы, Талғар шыңы күмбез тәрізді. Шыңды айнала бұлттар жүзеді, айналасы аппақ қар. Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 5017 м. Шатқалда Талғар өзені ағады, ол Іле Алатауының мұз басу орталығынан бастау алады. Басқа өзендерден айырмашылығы, өзен өзінің асау ағынымен әйгілі және одан шығатын шу өте алыстан естіледі. Өзендегі су сондай қуатты, тастарды жылжытады, сондықтан оны кешіп өту екіталай. Талғар шатқалдарында сіз салыстырмалы түрде жылу сүйгіш жеміс дақылдарын және суық климатқа үйренген шыршаны көре аласыз, жабайы өрік қайың, тал, көктерек, алмамен араласып өседі. Өрік алып жатқан тұтас беткейлер тек Талғар шатқалдарында ғана кездеседі.
Қорықта тянь-шань аюлары, қар барыстары мен арқарлар, сондай-ақ телеут тиіні кездеседі. Талғар шатқалына алғаш келген адамдарға ол ұмытылмас әсер қалдырады, ал жабайы табиғаттың ұлылығы ұзақ уақыт есте сақталады. Қазақстандағы туризм
Қоғам
Талғар шатқалы
Талғар шатқалы Оңтүстік Қазақстандағы Алматы қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан, ол Іле Алатауындағы ең қысқа шатқал. Іс жүзінде Талғар шатқалы бірнеше…
14 қыркүйек 2014 · 20:42·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·14 қыркүйек 2014
Талғар шатқалы Алматы қ-нан 20 км жерде, оңтүстік Қазақстанда орналасқан, ол Іле Алатауындағы ең қысқа шатқал. Іс жүзінде Талғар шатқалы бірнеше