Түзету тек ҚҚС-қа байланысты тарифтің бөлігіне әсер етеді. Қалған құрамдас бөліктер өзгеріссіз қалады. Нәтижесінде тариф шамамен 3,6%-ға өседі.
Жекелеген тұрғындар санаттары үшін жеңілдіктер сақталады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары төлемнен толық босатылады. Соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдар, I топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері, сондай-ақ жетім балалар құнын жартылай төлейді.
II топтағы мүгедектер мен әлеуметтік осал топтардың өкілдері 25% жеңілдік алады.
Шешім жобасын Алматы қаласының мәслихат депутаттары қолдады. Серік Әділбаевтың айтуынша, өзгерістер қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі және заңнама талаптарына сәйкес келуі үшін қажет.