Нормадан асып кету 194 көлікте анықталды. Олардың ішінде 106-сы бензинді, 86-сы дизельді және екеуі газды автомобильдер.
Тексерулер автокөліктен шығатын шығарындыларды азайту шаралары аясында үнемі жүргізіледі. Жылжымалы зертханалар жұмысын жалғастыруда.
2025 жылдың соңында Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары бекітілді. Әкімнің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың мәліметінше, өткен жылы қалада 189 мың тонна ластаушы заттар тіркелген, оның 112 мың тоннасы — 60% — автокөліктерге тиесілі.