Босануға көмек көрсету қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Соңғы он жылда қалада босану саны 35%-ға өскен. Осыған байланысты екі жаңа перинаталдық орталық салу туралы шешім қабылданды. Олардың бірі 2027 жылы пайдалануға беріледі. Жобаларды іске асыру акушерлік төсек-орын қажеттілігін қамтамасыз етуге және ана мен бала жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Сарыарқа ауданында 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы басталды. №2 қалалық көпсалалы ауруханасының қабылдау-диагностикалық кешені аяқталуда.
Жаңа емханалар
Нұрлы жол вокзалының жанында ауысымына 350 қабылдауға арналған емхана ашылды. Тельман тұрғын алабы ауданында тағы бір емхананың құрылысы жалғасуда. Келесі жылы Өндіріс тұрғын алабында екі ірі емхана және дәрігерлік амбулатория салына бастайды.