Ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осы салалардағы реформаның негізгі бағыттары туралы айтты. Кездесуге қатысушылар құжат бойынша ағымдағы жұмыс туралы баяндады.
Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білім беру баланың тұлғасының негізін қалыптастыратынын және оның болашақ өміріне көп әсер ететінін атап өтті. Педагог кадрларды даярлауды жаңғыртуға ерекше назар аударылды.
Тәрбиеші мамандығының беделін арттыру, мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруды жақсарту және мемлекет басшысы белгілеген құндылық бағдарларға негізделген педагогтарды даярлаудың жаңа моделін құру шаралары талқыланды.
Министрлікке міндеттер
Ғылым және жоғары білім министрлігіне педагогикалық білім берудің жаңа моделін әзірлеу тапсырылды. Оған талапкерлерді іріктеудің жаңартылған механизмі және педагогикалық жоғары оқу орындарына түсушілер үшін ҰБТ-ның жаңа форматы кіреді.
Стратегиялық бағыттардың қатарында болашақ педагогтарды оқытудың мазмұны мен технологияларын жаңарту, практикалық даярлықты күшейту, цифрлық шешімдерді енгізу және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бар.
Барлық ұсыныстарды өңірлерде сарапшылармен және педагогикалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен қосымша талқылау жоспарлануда.