Еңбек министрі Асқарбек Ертаев жұмысшылардың құқықтарын қорғау мақсатында 2,4 мыңнан астам жоспардан тыс тексерулер жүргізілгенін хабарлады. Олардың нәтижесінде еңбек заңнамасының шамамен 2,8 мың бұзушылығы анықталып, 1630 міндетті нұсқама берілді.
Нәтижесінде 22 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шаралары нәтиже берді: 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 4,5 пайызға, ал өлімге әкелетіндері 7,9 пайызға азайды.
Зардап шеккендердің көпшілігі тау-кен металлургия кешені, құрылыс саласы және мұнай-газ секторы кәсіпорындарына тиесілі.
Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының саны 9,4 миллион адамға жетті, олардың ішінде 479 мыңы зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейді.