Департаменттің есебінде 48 туристік нысан және бұқаралық демалыс орындары бар. Олардың 29-ы жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, оның ішінде 12 балалар сауықтыру лагері. Тағы 19 нысан орташа тәуекел дәрежесіне ие.
Тексерулер «Сосновый бор» санаторийінде, «Солнечный», «Достык», «Алтын Гуль», «Лесная сказка» балалар лагерлерінде, «Чайка» және «Орленок» орталықтарында, сондай-ақ «Золотой фазан» қонақ үйінде және генерал Бакиров атындағы демалыс базасында өтті. Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
Тәуекел топтарына жатқызу критерийлері
Жоғары тәуекел дәрежесіне ғимараттардың жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын нысандар, сондай-ақ ауданына қарамастан барлық балалар жазғы лагерлері жатады. 999 шаршы метрге дейінгі ғимараттары бар нысандар орташа санатқа жатады.
Құтқарушылардың ұсыныстары
ТЖД демалушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: бөлінген орындардан тыс от жақпау, мангалдарды қараусыз қалдырмау, өшірмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамау, сондай-ақ балаларды қадағалау және әкімшіліктің талаптарын орындау.