Көк-Көл сарқырамасы
Рахман қайнарлары курорттық кентінен солтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде Шығыс Қазақстанның ең ірі сарқырамасы — Көк-Көл сарқырамасы орналасқан. Жақын жерде осы өлкенің тағы бір көрнекті жері — альпинистер мен туристердің сүйікті орны Белуха тауы бой көтереді. Шағын тау өзені Көк-Көл Белая Берель өзенімен қосылған кезде
биіктігі 80 м кемерге жақындайтын арна түзеді, ені 10 метр су ағыны құлақ тұндырар гүрсілмен төмен құлайды — бұл Көк-Көл сарқырамасы.
Сарқырама аумағындағы ауа миллиондаған шашырап ұшқан тамшыларға толы, олар ауаны ылғалдандырып, газ иондарымен байытады. Бұл гидроионизация әсеріне ықпал етеді, оны Ресейде курорттық аймақтарда табиғаттың емдік қасиеті ретінде бұрыннан қолданады. Көк-Көл сарқырамасы көрікті жерде орналасқан, қуатты сарқыраманы айнала балқарағай мен шырша ормандары өседі, бұл табиғаттың осы бұрышына ерекше сиқыр береді. Жыл сайын мыңдаған турист Алтай өлкесінің табиғатынан ләззат алу үшін осы жерлерге аялдайды.
Қоғам
Көккөл сарқырамасы
Көккөл сарқырамасы. Рахман қайнарлары курорттық кентінен солтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде шығыс қазақстандық сарқырамалардың ең ірісі — Көккөл сарқырамасы орналасқан…
2 қараша 2014 · 22:34·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 қараша 2014