Байқоңыр мектептерінде 7390 бала оқиды. Олардың 4906-сы қазақстандық мектептерге, ал 2484-і ресейлік мектептерге барады. Ресейлік мектеп оқушыларының ішінде 698 адам — Қазақстан азаматтары.
Қайрат Нұртай бұл түлектердің ЕНТ тапсыруында ешқандай қиындық туындамайтынын түсіндірді. 2023 жылғы үкіметаралық шешім бойынша екі елдің министрліктері қосымша пәндерді: Қазақстан тарихы, қазақ тілі және қазақ әдебиетін тапсыру тәртібін келісіп алған.
Түлектер бұл пәндерді қажетіне қарай меңгере алады. Олардың ЕНТ тапсыру немесе тапсырмау құқығы сақталады.