Спорт

Абылай Шакирбеков панкратионнан Азия чемпионатын үшінші рет жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Абылай Шакирбеков панкратионнан Азия чемпионатында 93 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, континент чемпионы атағын үшінші рет иеленді.

14 маусым 2026 · 08:42·Оқу: 1 мин

Абылай Шакирбеков панкратионнан Азия чемпионатын үшінші рет жеңіп алды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·14 маусым 2026

Абылай Шакирбеков 93 кг-ға дейінгі категорияда өнер көрсетіп, жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл оның панкратионнан Азия чемпионаттарындағы үшінші жеңісі болды.

Жарыс аяқталған соң спортшы Қазақстанға оралды. Астана әуежайында оны Ұлттық гвардия Бас қолбасшылығының өкілдері, жаттықтырушылар, сондай-ақ туыстары мен жақындары қарсы алды.

Ұлттық гвардия баспасөз қызметінде гвардияшылардың халықаралық жарыстардағы табыстары елдің спорттық имиджін нығайтып, жастарға үлгі болатынын атап өтті.

Пікірлер