Спорт

Александр Бублик Германиядағы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германиядағы ATP 250 жеке турнирінің ширек финалына жолдама алды.

11 маусым 2026 · 18:14·Оқу: 1 мин

Александр Бублик Германиядағы ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·11 маусым 2026

Әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Бублик үшінші айналымда неміс Ян-Леннард Штруффты (ATP-де 77-орын) жеңді. Кездесу 7:6, 3:6, 6:2 есебімен аяқталып, бір сағат 45 минутқа созылды.

Жұптық разрядта Бублик австралиялық Ник Кирьоспен бірге өнер көрсетеді. Бірінші айналымда олар швейцариялық-американдық Якуб Поль / Райан Сегерман жұбын 6:3, 2:6, 10:6 есебімен жеңді.

Пікірлер