Қазақ тілінен аударғанда Байқоңыр — бай аңғар дегенді білдіреді. Байқоңыр — әлемдегі бірінші әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол шөлейт аймақта орналасқан. Климаттық жағдайлары қатал — жазы ыстық, қысы аязды әрі желді. Байқоңырдың тарихы 1955 жылы зымыран техникасына арналған ғылыми-зерттеу полигонын құру туралы шешім қабылданған кезде басталды. Байқоңыр алып жатқан аумақ 6717 шаршы км құрайды. «Байқоңыр» қаласы мен ғарыш айлағы бірге «Байқоңыр» кешенін құрайды. Қалада ғалымдар мен ғарыш зерттеушілерінің құрметіне орнатылған көптеген ескерткіштер бар, сондай-ақ өз заманының ұлы адамдарының есімімен аталған скверлер мен саябақтар бар. Қалада «Союз» зымыран-тасығышының толық көлемді макеті және академик Королевтің мұражайы бар. Байқоңыр ғарыш айлағы — Жердің жасанды серігі алғаш ұшырылған және адамның ғарышқа алғаш ұшуы жасалған әлемдегі бірінші полигон болды. «Страна Туризма Мск» туристік компаниясы ғарыш кемелерінің ұшқышы бар және ұшқышсыз стартарына турлар ұйымдастырады.
Спорт
Байқоңыр
Қазақ тілінен аударғанда Байқоңыр — «бай аңғар» дегенді білдіреді. Байқоңыр — әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол шөлейт аймақта орналасқан. Климаттық…
29 тамыз 2014 · 18:44·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·29 тамыз 2014