Алматылық клуб турнирде бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Өткен маусымдағы өнері арқасында «Қайрат» осы кезеңдегі сеянды командалар қатарында болып шықты.
УЕФА бірінші раундтан бастайтын 28 команданы 14 клубтан тұратын екі топқа бөлді. Әр топта сеянды және сеянды емес қатысушылар теңдей.
«Қайрат» сеянды команда мәртебесімен екінші топқа түсті. Сондықтан алматылықтардың қарсыласы келесі клубтардың бірі болады: Болгариядан «Левски», Литвадан «Кауно Жальгирис», Черногориядан «Сутьеска», Венгриядан «Гьор», Албаниядан «Эгнатия», Беларуссиядан «Витебск» немесе Люксембургтен «Атерт Биссен».
Жеребьевка 16 маусым күні кешке өтеді. Алғашқы матчтар 7 және 8 шілдеде, жауапты матчтар 14 немесе 15 шілдеде өтеді. «Қайрат» үшін үй матчын жеребе анықтайды.
Бұған дейін Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының жаңа розыгрышында «Қайрат» сапында ойнамайтыны белгілі болды: шілдеден бастап ол лондондық «Челсиге» ауысады.