Дмитрий Патанин ерікті жаттығуларда төртінші орын алып, финалға шықты. Дияс Тойшыбек турникте алтыншы болып, күресті жалғастырады.
Командалық көпсайыста Қазақстан құрамасы 240,660 ұпаймен төртінші орын алды. Бірінші орында Қытай — 254,194 ұпай, екінші орында Жапония — 248,795, үшінші орында Оңтүстік Корея — 242,561.
Финалдар 20 және 21 маусымда өтеді. Бұған дейін Миллад Карими қабырға жарақатына байланысты чемпионатты өткізіп жіберген.