Спорт

Қазақстандық волейболшы қыздар AVC Ұлттар кубогында B тобының көшбасшылары болды

Филиппиннің Кандон қаласында Қазақстанның волейбол құрамасы Иранды 3:1 есебімен жеңіп, B тобында бірінші орынға шықты.

9 маусым 2026 · 09:42·Оқу: 1 мин

Қазақстандық волейболшы қыздар AVC Ұлттар кубогында B тобының көшбасшылары болды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·9 маусым 2026

Матч топтық кезеңнің үшінші турында өтті. Қазақстандықтар бірінші сетті 13:25 есебімен жіберіп алды, бірақ кейін қатарынан үш сетті жеңіп алды — 25:20, 25:14 және 25:18.

Иранмен кездесуге дейін команда Гонконгты (3:1) және Индонезияны (3:0) жеңген болатын. Қазір қазақстандықтардың тоғыз ұпайы бар.

Топтық кезеңнің қалған матчтарында құрама Ливан және Вьетнаммен ойнайды.

A тобы

A тобында плей-оффқа шығу үшін Филиппин, Қытай Тайбэй, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Австралия күреседі. Әр топтан екі үздік команда жартылай финалға шығады.

Пікірлер