Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Азия чемпионы атанғандар: Әділғазы Әбілмансұр (57 кг-ға дейін), Айғалин Нұралім (62 кг-ға дейін) және Еркебулан Әмірлан (100 кг-ға дейін).
Күміс медальдарды Вон Лев (71 кг-ға дейін) және Салим Малика (53 кг-ға дейін) жеңіп алды. Қола медальді Қалиасқар Нұртас алды.
Чемпионат жалғасуда. Алдағы күндері 20 жасқа дейінгі юниорлар, содан кейін ересек спортшылар медальдар үшін күреседі.