Торонтода B тобында турнирдің бір иесі Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен ойнайды. Босниялық команданың ойыншыларының бірі Иван Башич «Астана» клубында өнер көрсетеді. Кездесу түн ортасында басталады.
Таңертең D тобының бастапқы матчтарын тағы екі команда өткізеді. ӘЧ-дің екінші иесі АҚШ құрамасы Лос-Анджелесте Парагваймен кездеседі. Ванкуверде Түркия мен Австралия ойнайды.
Қазақстан уақыты бойынша толық кесте
00:00 — Канада — Босния және Герцеговина
06:00 — АҚШ — Парагвай
09:00 — Австралия — Түркия
Матчтарды Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.