Армияның Орталық спорт клубының баспасөз қызметі спортшыны жаңа атақ берілуімен құттықтады.
Бибосынов ұлттық құрама жетекшілерінің қатарында. Оның есебінде 2021 және 2025 жылдардағы әлем чемпионаттарының екі алтыны, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қола медалі бар.
Кәсіби бокста қазақстандық екі жекпе-жекте екі жеңіске жетті. WBA Asia титулы үшін жекпе-жек бірнеше рет ауыстырылған, ақырында тоқтатылды.
Бастапқыда Бішкектегі бокс кешін 17 сәуірге жоспарлаған. Кейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты күнді 23 мамырға ауыстырды. Жаңа мерзімге төрт күн қалғанда турнирді тоқтатты.