Қазақстандықтар 9-минутта есеп ашты. Максим Самородовтың бұрыштық пасынан кейін голды Сергей Малый соқты.
Екінші таймда қожайындар бастаманы қолына алды. 52-минутта Доминик Собослаи есепті теңестірді, ал ширек сағаттан соң Андраш Шафер айып добын орындаудан кейін Венгрияны алға шығарды.
63-минутта Максим Самородов екінші сары карточка алып, команданы он адаммен қалдырды. Қосымша уақытта, 93-минутта, Раймунд Тот соңғы есепті — 3:1 орнатты.
Алдыңғы ойында Қазақстан құрамасы Армениямен тең ойнады.