Егер сіз тауға жорыққа шықпақ болсаңыз, не жейсіз? Адам ағзасы
биіктікте басқаша жұмыс істейді. Егер биік емес тауда болсаңыз, тамақтану рационын өзгертпеуге де болады, ал егер шыңға көтерілу көп уақыт алмаса, онда жоғары калориялы тағаммен қоректенген жөн. Қысқа өткелдерде шоколад пен жаңғақтарды: грек жаңғағы, бадамды араластырып, өзіңіз дайындайтын қоректік қоспаларды пайдалануға болады. Егер тауда ұзақ болатын болсаңыз, онда
жергілікті халық қалай тамақтанса, солай тамақтанған жөн. Биік тауларда не жеу керек? Биіктіктегі саяхат рационына міндетті түрде қышқыл өнімдерді қосу керек: олар тау ауруын жеңілдетеді әрі биіктік «шегін» арттырады, өсімдік тектес дәрумендерді көбірек тұтыну керек. Тауда төтенше жағдайға тап болғанда, ыстық тамақты таңертең және кешке міндетті түрде ішу керектігін есте сақтаңыз, тамақ дайындауға аз уақыт кетпейтініне қарамастан, оның үстіне биік таулы жағдайда атмосфералық қысымның төмендеуінен отын шығыны артады.