Туризм

Табаған тау шаңғысы базасы

Табаған тау шаңғысы базасы Алматы облысының Талғар ауданының аумағында, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маңында орналасқан…

3 желтоқсан 2014 · 22:46·Оқу: 3 мин

Табаған тау шаңғысы базасы
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·3 желтоқсан 2014

Табаған тау шаңғысы базасы Алматы облысы Талғар ауданының аумағында, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің маңында, Алматыдан 17 шақырым жерде орналасқан. Таулардың биіктігі теңіз деңгейінен 1650 м. «Табаған» беткейі шаңғымен сырғанауға және шаңғыдан жарыс өткізуге өте қолайлы. Мұнда жаңа бастаушыларға да, тәжірибелі тау шаңғышыларына да, сондай-ақ сноубордшыларға да сырғанау ыңғайлы. «Табаған» беткейінде тың трассалар бар. Тың бойымен сырғанау шаңғышыларға да, сноубордшыларға да қызық болады.

Базада бүкіл отбасына да демалу қызық болады, өйткені мұнда қауіпсіз әрі ыңғайлы шана трассасы бар. Базада қар зеңбіректері бар. Бұдан басқа, беткейде көтергіштер жұмыс істейді: бір қос орындықты аспалы жол және екі шанақты аспалы жол. Базада түнгі уақытта да сырғанау қарастырылған. Беткейде қуатты жарық және дыбыс аппаратурасы жұмыс істейді. Тәжірибелі нұсқаушылар мен құтқарушылар тобы сізге кез келген сәтте көмекке келуге дайын, ал қалауыңыз бойынша база қызметкерлері сізге спорттық-сауық іс-шараларын, корпоративтік 325072мерекелер мен тимбилдингтер ұйымдастыра алады. Бүкіл отбасына арналған туристік жорықтар, жаяу және атпен серуендеу, сондай-ақ экстремалдар үшін демалыс және тағы басқалары мүмкін. Тұру үшін айқын атаулары бар коттедждік шағын ауылдар бар: қайыңды, шыршалы, бөріқарақатты, үйеңкілі, қарағайлы… «Табакерка» мейрамханасы «Табағанның» төменгі террасасында орналасқан әрі 80 орынға есептелген. Мейрамхана мәзірінде мексика және ұлттық қазақ асханасы ұсынылған. Жайлы орта, жағымды тыныш музыка — бәрі кешкі ас үстінде жайлы демалуға ыңғайлы, өйткені залдың ортасында үлкен дөңгелек каминді ошақ орналасқан, ол сүйікті адамыңызбен немесе достарыңызбен оттың жанында отыруға болатындай етіп жайғастырылған. Табаған тау шаңғысы базасында демалысыңыз жайлы болуы үшін қажеттінің бәрі бар. Жақындарыңызға қыста Табаған тау шаңғысы базасында ұмытылмас демалыс сыйлаңыз!

Пікірлер